Атырауда карантин шектеулеріне қарамастан жұмыс істеп келген казино анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қарж министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Бүркіт» арнайы мақсаттағы жасағының көмегімен жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде «Бомонд» кафесінің VIP залында орналасқан жасырын казино қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Казиноның ұйымдастырушылар пандемия кезінде карантин режимін бұзып, казино түрінде заңсыз ойын бизнесін жасырын жүзеге асырған.

Оқиға орнын тексеру барысында арнайы кенеп, ойын карталары, «Техас Холдем» покер ойынына арналған чиптер, чиптерге арналған стендтер табылып, тәркіленді

Ойын фишкалары жасырын казино ұйымдастырушыларына тиесілі «Каспий Голд» карточкаларына ақша аудару арқылы сатып алынған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 307-бабы 1-б. негізінде сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде»-делінген ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар