+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атырауда қар құрсауында қалған 63 адам құтқарылды

2021 жылғы 25 ақпан 17:25
Бөлісіңіз:
Атырауда қар құрсауында қалған 63 адам құтқарылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір аптада қар құрсауында қалған 63 адам құтқарылды. Оның ішінде 5 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында қар жауып тұр, жүргізушілерге ескерту жасалды Алдағы күндері қар жауып, күн суытады Армениядан әкелінген көліктерге екі рет салық салынбайды

Соңғы бір аптадан бері Атырауда қолайсыз ауа-райы қалыптасып отыр. Осыған байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде арнайы штаб құрылды.

Аталған штаб құрамына жергілікті полиция қызметінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өңірлік

филиалының өкілдері енген.

«Өңір тұрғындарына мобильді байланыс операторларының көмегімен ауа-райының

қолайсыздығы туралы дауылды ескерту туралы смс-хабарлама жіберілді. Соған қарамастан, 22 ақпанда сағат 20:17-де мал іздеуге шыққан азаматтың үйіне оралмағаны туралы хабар түсті. Мақат аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірге іздестіру жұмысын жүргізді. Соның нәтижесінде 23 ақпанда сағат 00:44-те «Мақат-Индер» темір жолының 20-шы шақырымынан жоғалған азамат табылып, үйіне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 22 ақпанда сағат 19:08-де Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылы мен Құлсары қаласы арасындағы жолда қар құрсауында көлік тұрып қалған. Оның ішінде 4 жолаушы болған. Құтқарушылар «Трэкол» арнайы жол талғамайтын көлікпен сағат 20:32-де Құлсары қаласынан 15 шақырым қашықтықта тұрып қалған «Нива» автокөлігін тауып, жолаушыларын үйіне жеткізген.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 23 ақпанда сағат 17:00-де барлық бағыттағы республикалық, облыстық маңызы бар автожолды жабу туралы шешім қабылданды. Бірақ, ескертулерге қарамастан, адамдар жоғалып, техникалардың жолда тұрып қалғаны туралы деректер тіркелді. Мәселен, Қызылқоға ауданындағы Сағыз станциясынан 10 шақырым жерде қар кептелісінде 3 жүк, 8 жеңіл автокөлік қалған. Бұларда 34 адам болған, оның 5-уі кәмелетке толмаған балалар. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көліктерді тазартылған учаскеге, адамдарды елді мекендерге жеткізді», -деді баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, 23 ақпанда Исатай ауданында тұратын 41 жастағы азамат 2006 және 2007 жылы туған балаларымен бірге Батыс Қазақстан облысына бару үшін қара жолмен (төте жол) шығып кеткен. Бірақ, олардан ешқандай хабар болмаған. Сол себептен, іздестіру-құтқару топтары құрыып, жоғалған азамат балаларымен бірге 24 ақпанда сағат 15:30-да аудан

орталығы – Аққыстау ауылынан 80 шақырым жердегі «Насихат» қыстағынан табылды.

Айта кеткен жөн, Атырау облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты тұрғындардың жоғалу дерегі көбейді. Тек 17-24 ақпанда қар құрсауында қалған 63 адам (58 ересек адам, 5 бала) құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Сондай-ақ, қарға малтыққан 10 техникаға көмек көрсетілді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 150 қойымен бірге жоғалып кеткен егде жастағы адам табылғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT