+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды

2020 жылғы 1 маусым 22:00
Бөлісіңіз:
Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда жеті қазынаның бірі – итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде итті қорлауға байланысты екі видео тараған болатын. Оның бірінде көшеде итті атқан. Екінші видеода итті тұншықтырған.

«Бірінші оқиға 30 мамырда Атырау қаласының маңындағы «Береке» шағынауданында болған. Ал, екінші жағдай 31 мамырда Еркінқала кентінде орын алған. Полиция қызметкерлері осы оқиғаларға қатысы бар күдікті ретінде 1979 жылы туған екеуді және 1986 жылғы тағы бір азаматты анықтады» деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған фактілер бойынша күдіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 316-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT