Атырауда іскер әйелдер шаған көшеттерін екті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «30 игі іс» қайырымдылық марафоны аясында іскер әйелдер шаған көшеттерін екті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлжан Мұхатаеваның айтуынша, бұл – кеңес мүшелерінің бастамасы. Олар қаланы көгалдандыруға үлес қосуды көздеген. Бастамаға облыстық әкімдік қолдау білдірген. Кеңес мүшелері әуежайға жақын орналасқан көшеге шаған (ясень) көшеттерін екті.

«Бұл іс-шара Отан қорғаушылар күнімен тұспа-тұс келді. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген бар. Әйелдер қауымының бұл игілікті ісін ер-азаматтарға деген сый-құрметтің бірі деуге болады. Ал, ағаш егу – ежелден келе жатқан игі амалдың бірі. «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей, қаламыздың тазалығы үшін әрқайсымыз қолдан келгенше үлес қосайық», - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы.

Кеңес мүшелері алда тағы да бірнеше көшеге көшет егуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар