Атырауда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған.

«Өзбекстан Республикасының азаматы Атырау қаласында уақытша тұру үшін тіркелмек болған. Алайда, көші-қон бөлімінің қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталығында оның құжаттарын тексеру кезінде халықаралық іздеудегі азамат екенін анықталды. Белгілі болғандай, 32 жастағы ер адам Мордовия Республикасында РФ Қылмыстық Кодексінің 291-бабының 1-бөлімімен айыпты деп танылған» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бір жыл бұрын құқық қорғау органдары өзбекстандық азаматқа халықаралық іздеу жариялаған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда халықаралық іздеуде болған шетелдік азаматтар ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар