Атырауда халық санағын жүргізуге арналған 100-ден астам бұрыш ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда халық санағын жүргізуге арналған 100-ден астам бұрыш ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық статистика бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Маржан Акимованың айтуынша, 1 тамызда өңір тұрғындарының саны 663 990 адамды құраған.

«Мақсат – санақ жүргізуге арналған бұрыштарда тұрғындарға департамент мамандарының кеңесін беру. Арнайы бұрыштар Атырау қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылында, М.Баймұханов көшесінде, Азаттық даңғылындағы Халыққа қызмет көрсету оталығында, «Тамаша», «Атырау», «Байзар» секілді ірі сауда орталықтары мен «Дина», «Насиха», «Көктем» базарларында орналасқан. Арнайы бұрыштың бәрі ғаламтор желісімен, компьютермен жабдықталды» -дейді Маржан Акимова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында халық санақ жүргізуге 168,8 млн теңге бөлінгенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар