Атырауда Global Oil&Gas Atyrau көрмесі өтіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда Global Oil&Gas Atyrau халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Көрменің негізгі мақсаты - мұнай-газ кешені кәсіпорындарын қолдау және дамыту, мұнай-газ саласына инновациялық технологиялар мен инвестициялар тарту. Мен көрме қатысушыларының өз қызметтеріне жаңа тұтынушылар табатынына сенімдімін. Көрме аясында пайдалы ақпарат алмасылып, әр компанияның серіктестер ортасы кеңеймек», - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев көрменің ашылуында.

Биыл көрмеге Ұлыбритания, Беларусь, Ресей, Түркия, Әзербайжан, Татарстан елдерінің жүзден астам компаниясы қатысып жатыр.
null null null 

Көрме үш күнге жалғасады. Ол AtyrauBuild 2018 құрылыс және интерьерлік көрмесімен бір уақытта өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар