Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 13 маусымда болған.

«Кешкі сағат 22:19-да Атырау қаласының «Сарықамыс» шағынауданындағы 2 қабатты «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына барғанда 8 пәтерлік тұрғын үй кешенінің төбе жабындысы мен 2-қабаты жанып жатты. Тұрғын үй кешенінен 21 адам, оның ішінде 10 бала өздігімен қауіпсіз жерге шыққан» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 50 қызметкер мен 8 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 3 қызметкер, 1 техника, «Ақ Берен» АҚ филиланынан 2 қызметкер, 1 техника, «НКОК» компаниясынан 4 қызметкер, 1 техника, СКЭБР-ден 4 қызметкер, 1 техника, полиция департаментінен 7 қызметкер, 3 техника жұмылдырылған. Өрт сағат 00:43-те оқшауланып, сағат 00:57-де толықтай жойылған.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда иесі болмаған кезде көпқабатты үйдегі пәтер өртенген еді.


Соңғы жаңалықтар