Атырауда есірткі сайттарын жарнамалаған екі жасөспірім ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында есірткі сайттарын жарнамалаған екі жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 маусымда таңғы сағат 5:00 шамасында «Тұрғын үй қалашығы» шағын ауданында белгісіз екі жігіттің гараж қабырғасына баллонды бояу арқылы жазба жазған.

«Патрульдік полиция қызметкері олардың кәмелет жасқа толмағанын анықтады. Ал, қабырғаға салған жазбалар синтетикалық есірткі сайттарының атаулары екені дәлелденді. Жасөспірімдердің осындай жазбаны қаланың бірнеше шағын ауданында жазған. Бұл олардың ұялы телефонындағы фотосуреттер арқылы белгілі болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жасөспірімдердің әрекетіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, түнгі уақытта балаларын қараусыз жіберген ата-аналарына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда есірткіні насихаттайтын бірнеше сайтты жарнамалаған әйел ұсталғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар