Атырауда ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мың сыйлық таратылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудағы волентерлер штабы «Шын жүректен» акциясын өткізіп, ерекше балалардың отбасына жаңажылдық 7 мың сыйлық таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Волонтерлер штабының жетекшісі Әйгерім Досқалиеваның айтуынша, бұл акцияға облысы әкімдігі қолдау білдірген. Балаларға арналып дайындалған сыйлықтар аудандық әкімдіктер мен мектеп әкімшіліктері арқылы таратыла бастады.

Қазір облыста 4 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін бала бар. Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімдігінің қолдауымен және демеушілердің көмегімен сондай балалардың отбасындағы барлық балаға сыйлық беру ұйғарылды. Осы мақсатта 7 мыңнан астам сыйлық үлестірілуде. Біздің басты көмекшіміз – еріктілер штабы. Жаңа жылға дейін қайырымдылық акциясын жалғастыру арқылы әр балаға қуаныш сыйлауды көздедік» -дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаларды оңалту орталығы ашылған болатын.


Соңғы жаңалықтар