+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда экологиялық заңнаманы бұзғандарға 64 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылғы 23 қазан 04:35
Бөлісіңіз:
Атырауда экологиялық заңнаманы бұзғандарға 64 млн теңге айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында экологиялық заңнаманы бұзғандарға 64 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы экопостар қалай жұмыс істеп жатыр Алматы облысында браконьерлер мемлекетке 9 млн теңгеден аса залал келтірген Қар мен көктайғақ: Алматыда күн райы бұзылады

Облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліменше, биылғы 9 айда табиғат пайдаланушыларға 52 тексеру жүргізілген.

«Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнама талаптары бұзылған 135 дерек анықталған. Табиғат пайдаланушыларға заң бұзғанына байланысты 46 әкімшілік іс қозғалып, 64 479 280 теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды. Сондай-ақ, экологиялық заңнаманың бұзылуын жою туралы 260 891 040 теңгені құрайтын 17 нұсқама берілді. Табиғат пайдаланушылар 10 нұқсаманың 17 892 242 теңгенсін өз еркімен төледі. Ал, 242 998 798 теңгені құрайтын 7 нұсқама сотта қаралып жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты 60 млн теңгеден астам айыппұл төлегенін хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT