Атырауда екінші қабаттан секірмек болған бозбала құтқарылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 2 қабатты тұрғын үйдің шатырынан секіруге оқталған бозбала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін, 7 маусымда сағат 9:32-де Атырау қаласындағы Огородная көшесінен шақырту түскен.

«Құтқарушылар оқиға орнына 9 минутта жетіп, 17 жастағы бозбаланың осы көшедегі екі қабатты ескі тұрғын үйдің төбесінен секірмек болғанын анықтады. Бозбала қараусыз қалған нысандар санатындағы тұрғын үй шатырына масаң күйде шыққан. Жедел құтқарушылар жасағының қызметкерлері оны сағат 10:06-да жерге түсіріп, полицейлерге тапсырды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Құтқару жұмысына 4 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 39 жастағы ер адам үшінші қабаттан секірмек болған еді.


Соңғы жаңалықтар