Атырауда екі қабатты ғимарат өртке оранды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласында екі қабатты қараусыз тұрған ғимарат өртке оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 маусым күні сағат 23:03-те Мұнайшы шағын ауданы, 7 көшесінде орналасқан ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген.

«Қызыл жалынды ауыздықтауға Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 23 қызметкері мен 5 техника, Атырау мұнай өңдеу зауытының 4 қызметкері және 1 техникасы, «Ақберен« мекемесінен 2 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылды«, - делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар