+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынды

2021 жылғы 17 қыркүйек 17:55
Бөлісіңіз:
Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда деструктивті діни ағымның 44 өкіліне 1,9 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда алаяқ университетке ақысыз түсіремін деп үш адамның 1,2 млн теңгесін алған Атырау облысында вакцина алушылардың тәуліктік көрсеткіші азайды Атырауда күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары 7 жылға сотталды

Атырау облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге әлеуметтік желіге жүргізілген мониторингте анықталған.

«Деструктивті ағымға ерушілердің көпшілігі өз парақшаларында және пабликтерде Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған экстремистік идеологияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған бейне және аудиоматериалдарды жариялаған.

Биылғы 8 айда басқарманың ақпараттық-талдау орталығының мамандары дәстүрлі емес діни бағытты насихаттайтын 143 825 парақшаны бұғаттады. Сондай-ақ, діни бағыттағы ақпаратты тарататын әлеуметтік желілердегі парақшаларды зерделеу нәтижесінде 139 240 бет анықталды. Оның 442-сі жат идеология материалдарын таратуға арналған. Сол себептен, дінтану сараптамасына жіберілді», -дейді Қайролла Көшқалиев.

Оның мәліметіне сүйенсек, 8 айда мониторингтік нәтижесімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 453 және 490-бабымен деструктивті діни ағым өкілдері тарапынан 44 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Жинақталған материалдар сотқа жолданып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 1 917 347 теңгені құраған. Қазір 8 әкімшілік іс сотта қаралып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 24 млн теңгенің есірткісін сатпақ болған діни ағым өкілдері ұсталғанын 4 жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT