+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Атырауда денсаулық мекемесіне жылжымалы ПТР-зертхана берілді

2020 жылғы 27 қазан 06:37
Бөлісіңіз:
Атырауда денсаулық мекемесіне жылжымалы ПТР-зертхана берілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облыстық Обаға қарсы күрес станциясына жылжымалы зертхана берілді. Онда тәулігіне 500 адам ПТР-сынама тапсыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Зият Әбделдің айтуынша, мұндай мобильді зертхана бактериялық, инфекциялық зерттеулерді жедел анықтауға жол ашады.

«КамАЗ» көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі зертхананы аудандарға да апаруға болады. Өйткені, Еуро-5 стандартына жататын зертханасы бар көлік құмды, тау-тасты жолмен жүре алады. Жылжымалы зертхананы алыс елді мекенде, далада аса қауіпті инфекцияларға, дербес және инфекциялық ауру ошағында медициналық мекеме жанындағы іссапарға жіберілген стационарлық сараптама орны ретінде пайдалануға болады», - дейді Зият Әбдел.


Оның айтуынша, ПТР-зертхана бактериологиялық, серологиялық, иммуноферменттік талдау жүргізу жиынтығымен, көлік ішінде желдету, қорғаныш құралдарымен жабдықталған. Онда дәрігер мен зертханашылардың қауіпсіз жүмысы үшін барлық жағдай жасалған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының бес ауданына жылжымалы зертхана берілгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT