Атырауда дәрі-дәрмек бағасы қатаң бақыланады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда дәрі-дәрмек бағасы қатаң бақыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің мәлім етуінше, Атырау облысының әкімдігі «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігімен және Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен меморандумға қол қойған.

«Мұндағы мақсат – дәрілердің бағасын бақылауда ұстап, әр адамға тиесілі көлемін ғана сату. Осындай бақылау нәтижесінде «Вердант» деп аталатын косметологиялық кабинеттің заңсыздығы әшкереленіп отыр. Аталған кеңсе лицензиясыз, елімізде тіркелмеген фармацевтикалық өнімдердің жүзден астам түрін сатып келген», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Оның айтуынша, қазір облыста бірнеше бақылаушы органнан құралған мобилді топтар рейд жүргізеді. Олар дәрі-дәрмектің бағасының шекті мөлшерден аспауын қадағалайды. Дәрі-дәрмек бағасын шекті мөлшерден асырғандар заң шеберінде жауапқа тартылады. Бағаны заңсыз көтеретіндерді анықтау жұмыстары жалғасады.


Соңғы жаңалықтар