+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Атырауда бюджет қаражатын жымқырған филармония директоры сотталды

2020 жылғы 17 наурыз 11:34
Бөлісіңіз:
Атырауда бюджет қаражатын жымқырған филармония директоры сотталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін Атырау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы С. Сабырға, Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының бұрынғы директоры Ғ. Дүйсенғалиевке, басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің бұрынғы басшысы А.Рахматулинаға және бұрынғы бухгалтер Г.Самариденоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Сабыр және басқалар лауазымын асыра пайдалану және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу сылтауымен үлестес тұлғалар арқылы қолма-қол ақшаға аудару арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру бойынша күдікті деп танылды. 16 наурызда Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Сабыр 7 жылға сотталды, Дүйсенғалиевтің 7 жылға бас бостандығы шектелді. Самариденова мен Рахматулина жазаны өтеуді 5 жылға дейін кейінге қалдыртын болды. Олар 7 жылға бас бостандығынан айрылды» делінген хабарламада.

Сотталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT