Атырауда блокпостан өту үшін пара берген әйел айыппұл төлейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау қаласында блокпостан өту үшін пара берген тұрғын сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет А.Сағиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. А. Сағиева Атырау облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы бөлімінің басшылығына пара беру күдігіне ілінді», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

2020 жылдың 19 маусымында Атырау қаласы №2 сотының үкімімен А. Сағиева мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылылды және 112 мың теңге сомасында айыппұл төлеуге міндеттелді.


Соңғы жаңалықтар