Атырауда бір аптада жүргізуші куәлігінен айырылған 9 адам рульге отырған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір аптада жүргізуші куәлігінен айырылған 9 адам рульге отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері жүргізуші куәлігінен айырылған 174 адамның көлік басқарғаны анықталған.

«Атырау қаласында соңғы бір аптада көлік жүргізу құқығынан айырылса да рульге отырған 9 адам ұсталды. Патрульдік полиция қызметкерлері сондай жүргізушінің бірін 22 қарашада сағат 03:20 шамасында «Атырау-Доссор» тас жолы бойындағы «Шығыс» базары тұсында тоқтатты. «ВАЗ–21705» маркалы автокөлігін басқарған 22 жастағы жігіттің бұдан бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Жас жігіт соған қарамастан көлікті басқарған» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Жүргізуші куәлігінсіз рульге отырған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлімімен (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған іс құжаттары Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 3 жігіт жанармай бекетінде тұрған көлікті айдап әкеткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар