Атырауда бір аптада 1000-нан астам жол ережесі бұзылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында бір аптада 1000-нан астам жолда жүру ережесін бұзғандар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2-8 қараша аралығында патрульдік полиция қызметкерлері 1001 жолда жүру ережелерін бұзушылықты анықтады.

«Атап айтқанда, көлік құралын мас күйінде басқарған 13 жүргізуші (ҚР Әкімшілік

құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы), жолдың қарсы бағытына шығып

жүргізген – 7 (596-бабының 3-бөлімі), міндетті сақтандыру шартын жасасудан

жалтарғандар – 162 (230-бабының 2-бөлімі), жүргізу құқығынан айырылған – 2 (612-

бабының 3-бөлімі) жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық

бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлын төлемей жүрген 72 жүргізуші тәртіп сақшыларының назарына ілікті», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Ресейде тіркелген 44, Арменияда есепте тұратын 5 көлік құралы арнайы тұраққа қойылған. Ал, 23 автокөлік иесінен 922 296 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Әкімшілік айыппұлын төлемей жүргендердің басым бөлігі шетелде тіркелген автокөліктердің жүргізушілері болып шықты.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 14 млн теңге айыппұлын төлемеген 192 жүргізуші ұсталған болатын.



Соңғы жаңалықтар