Атырауда батарея жұтып қойған баланың өлімі тексерілуде

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда батарея жұтып қойған бала өлімі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицейлер ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі «Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Істі тергеу барысы облыс прокуроры мен Атырау облысы полиция департаменті бастығының бақылауында», - деп хабарлады өңірлік ПД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Атырауда дәрігерлер теледидар пультінің батареясын жұтып қойған бір жасар сәбидің өмірін құтқара алмады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби ауыр жағдайда түскен. Ол қиналып дем алған. Баланың қандай да бір затты жұтып қойғаны анықталды. Дәрігерлер оны отасыз әдіспен шығармақ болған.

Өкінішке қарай, жұтып қойған заты үлкендеу болғандықтан, ол әдіс көмектеспеген. Отаның да көмегі тимеді. 11 айлық нәрестенің тыныс алуы нашарлап, жүрек ақауынан көз жұмды.



Соңғы жаңалықтар