Атырауда балық қорын пайдаланушылардан бюджетке 121 млн теңге түсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында балық қорын пайдаланушылардан бюджетке 121 млн теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушкановтың мәліметінше, көктемгі балық аулау маусымында 6 492 тонна балық ауланған.
«Оның ішінде Атыраудағы бекіре шабағын өсіретін екі зауыт үшін 289 бағалы балық бар. Бұлар – салмағы 148 кг аналық қортпа, 15 бекіре, 252 шоқыр мен 21 сүйрік. Аталған зауыттарда өсірілген бекіре шабақтарын Жайық өзеніне жіберу шілде айына жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жайық пен Қиғаш өзендерінен, Каспий теңізінен балық аулаған құрылымдардан балық қорын пайдаланғаны үшін бюджетке 121 млн теңгеден астам қаржы түсті», - деп хабарлады Олег Тушканов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Қазақстанның Ресей, Украина, Әзербайжан мен Израильге 4069 тонна балық экспорттағанын жазған болатынбыз.
- Карантин: Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынды
- Атырауда шағын несие беретін кеңсені тонаған күдікті ұсталды
- Теріс себеппен мемлекеттік қызметтен босатылғандар табысы туралы декларация өткізе ме
- Сенатор Атырау облысында Үкімет деңгейінде шешуді талап ететін мәселелерді атады
-
Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде 170 рет ереже бұзған
-
Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам