Атырауда балалар көпқабатты үйдің шатырында ойнаған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Интернетте балалардың Атыраудағы көпқабатты үйдің шатырында жүргені туралы бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балалар Нұрсая шағынауданындағы №14 үйдің шатырына ашық қалған есік арқылы шыққан. Шатырдағы балаларды қарсы бетте тұрған көпқабатты үйдің тұрғындары видеоға түсіріп, интернетке жүктеген.

«Аталған дерекке байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Нұрсая шағынауданына қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативінің басшылығына ескерту жасады. ПИК қызметкерлері №14 үйдің шатырына шығуға арналған есікті дәнекерлеп, құлып салды. Қазір учаскелік полиция инспекторлары ПИК басшыларымен бірлесіп көпқабатты үйлердің шатырын тексеріп жатыр», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар