Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда кішкентай балаға сексуалдық сипаттағы зорлық жасауға оқталды деген күдікпен мас адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 6 тамыз кешкі сағат 19:45 шамасында болған.

«Көктем ықшам ауданындағы азық-түлік дүкенінің жанында алкогольдік ішімдік ішкен ер адам жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған. Оқиға туралы хабар алған полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір күдікті тергеу абақтысына қамалды» -деді баспасөз қызметі.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 121-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар