Атырауда әйел 9-қабаттан құлап, көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 42 жастағы әйел 9-қабаттан құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 15 мамырда болған.

«Күндізгі сағат 14:52 шамасында 1979 туған әйел Атырау қаласының «Алмагүл» шағын ауданындағы №9 үйдің 9- қабатынан құлап, қайтыс болған. Оқиға орнынан қан дақтары мен терезе әйнегінен қолдың 4 саусақ ізі алынды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы, 1-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жол апатынан 2 адам мерт болып, 4-еуі жарақат алған болатын.


Соңғы жаңалықтар