Атырауда аяқталмаған ту тұғырының бір бөлігі қатты желден құлап қалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат- Атырауда аяқталмаған ту тұғырының бір бөлігі қатты желден құлап қалды. Зардап шеккендер жоқ, казіргі уақытта комиссия оқиғаның себептерін анықтауда деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Kastador» ЖШС мердігерлік мекемесінің директоры Айдын Альмұхаметовтың айтуынша, оқиғаның себептерінің бірі конструкцияның дәнекерленіп жалғанған бөлігінен болуы мүмкін.

«Ту тұғыры конструкциясы 8 бөлімнен тұрады, әр бөлігі бекітілген, алдын-ала тексеру нәтижесінде белгілі болғаны дәнекерлеу орнынан үзілгендігін көрсетті. Ту тұғыр конструкциясы Түркияда жасалғандықтан, жеткізуші бізге дәнекерленген дайын өнімді жіберді, біз бұл өндірістік ақау деп санаймыз», - деді Айдын Альмұхаметов.

Қазіргі уақытта облыстық әкімдік оқиғаның неден болғанын тергеуге кірісіп кетті.

«Оқиғаны тергеу үшін ведомствоаралық комиссия құрылды, себеп неден болғанын анықтайды. Нысанның тапсырыс берушісі »Теңізшевройл« ЖШС және осы мекеменің қаржысына салынуда, құрылыс аяқталмады, нысан теңгерімге қабылданбады. Тергеу аяқталғаннан кейін жауаптыларға қатысты шаралар қолданылады. Бір де бір адам зардап шеккен жоқ, жабдықтар мен құрылыс нысандары да зардап шеккен жоқ. Мердігер мекеме қалпына келтіру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізеді», - деді Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.

Соңғы жаңалықтар