Атырауда автобус жүргізушілері жетіспейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында автобус жүргізушілері жетіспейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың айтуынша, жолаушы тасымалдаушы кәсіпорындардың автопаркінде 289 автобус бар.

«Күн сайын жолаушы тасымалдауға 210-220 автобус ғана жолға шығады. Себебі, автобус жүргізушілері жетіспейді. Бұл 60 автобустың резервте тұруына әсер етіп отыр»,-дейді Қайрат Оразбаев.

Оның мәліметінше, биылға дейін Атырау қаласында 71 ашық, 24 жабық аялдама жаңасына ауыстырылған.

Сондай-ақ, 47 аялдама сенімгерлік басқаруға берілген.

«Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанда шығарылған 120 аялдаманы сатып алу жоспарланып отыр. Осылайша, ескі аялдамалар жаңасына ауыстырылады. Кейбір көшелерге жаңа аялдамалар орнатылады», - дейді Қайрат Оразбаев.

Еске сала кетелік, Атырауда метанмен жүретін автобустар жолға шыққан еді.


Соңғы жаңалықтар