+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Атырауда әскерилер майдангерлердің үйіне барып, ауласындағы қарды күреп берді

2021 жылғы 2 наурыз 12:51
Бөлісіңіз:
Атырауда әскерилер майдангерлердің үйіне барып, ауласындағы қарды күреп берді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда әскерилер соғыс ардагерлерінің үйіне барып, ауласын қардан тазартып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ҚМДБ аурухана қызметкерлеріне медициналық жабдықтар мен азық-түлік себеттерін сыйлады

Атырау қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқарманың әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыстың тұратын үйлердің ауласында сенбілік өткізді.

«Біз бүгінгі бейбіт үшін майдан даласында қанын төккен ардагерлерімізді ешқашан назардан тыс қалдырмаймыз. Ардагерлерге тек мереке күндері ғана емес, әрдайым көмек көрсетуге тырысамыз. Көктем айы басталысымен олар тұратын үйдің ауласын ретке келтіру туралы шешім қабылдадық», - дейді қорғаныс істері жөніндегі біріккен басқарманың бастығы, подполковник Батырхан Қазақов.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің бірі – әскери ұшқыш, запастағы капитан Айдын Айбаров. Биыл 100 жасқа толатын ардагер әскери қызметкерлермен кездескеніне қуанып қалды. Майдан даласынан естелік айтып беріп, әскери қызметшілерді туған күніне шақырды. Ғасыр жасаған майдангердің көңілі сергек, қимылы ширақ.

Ал, ардагер сержант Закария Сұлтанов та соғысқа дейінгі және кейінгі өмірі туралы әңгімелеп берді.

«Соғысқа баруға өтініш білдірген соң, біз Орынбор мен Башқұртстанда әскери дайындықтан өттік. Содан кейін шаңғы батальонының құрамында Уфада құрылған мотоатқыштар бригадасының қатарына қосылдық», - дейді ардагер.

Майдангер Закария Сұлтанов Беларуссия мен Шығыс Пруссиядағы дүрбелең шайқастарда аяғынан екі рет жарақаттанған. Алайда өжет мінезді жігіт сонда да майдан даласынан кетпеген.

«Екі жарақаттан кейін мені Калининград облысындағы гарнизондық қызметке тағайындады. Сол қалада Жеңісті қарсы алдым. Кейін туған жерге оралдым. Менің жадымда майдан даласынан естеліктер мен жарақаттарым қалды», - дейді соғыс ардагері Закария Сұлтанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT