Атырауда архив құжаттары қоқысқа тасталған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда архив құжаттары қоқысқа тасталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше,13 қаңтарда құрылыс қалдықтарының арасынан жеке куәлік, төлқұжат, азаматтардың өтініштері, төлем құжаттары, табысы туралы анықтамалар секілді құжаттар табылған.

«Полиция қызметкерлері аталған дерекке қатысты тексеру жүргізді. Тексеру кезінде қоқыстан барлық табылған құжат «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау филиалына тиесілі екені анықталды. Мұндай архив құжаттары мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде талап етіледі», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір белгіленбеген жерге қоқыс тастаған автокөлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тексеру жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар