+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды

2021 жылғы 14 мамыр 02:12
Бөлісіңіз:
Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда медицина қызметкерлері марапатталды Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты Атырауда ауланған балықтың 80 пайызы экспортқа шығарылып жатыр

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 46 жастағы ер адам ішкілікке салынған.

«Егде жастағы әйелден «102» операторына баласының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғаны туралы хабар түсті. Ішкілікке салынған ер адам үйінің терезесін сындырып, анасын ұрып-соққан. Ер адам ішімдік ішуін тоқтатпаған. Егде жастағы анасымен бірнеше рет жанжалдас. Анасына психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Учаскелік полиция инспекторы анасын ұрған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігімен (Ұрып соғу) әкімшілік хаттама толтырған. Мамандандырылған қалалық соттың шешімімен ер адам 10 тәулікке қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаларының көзінше ішімдік ішкен әйелдің құқығы шектелетінін хабарлаған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT