Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында 33 медицина қызметкері марапатталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында медицина саласының 33 қызметкері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қаңтарда өткен сайлау кезінде ПТР-тест алуға қатысқан 33 медицина қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
«Сайлау өтерден бірнеше күн бұрын 42 анализ талдау пункті ашылды. Үш зертханада 5 мыңнан астам ПТР-тест өткізілді. Бұл жұмысты медицина қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен атқарды. Алғыс айту күні қарсаңында сайлау кезінде сақтық шараларын ұйымдастыруға атсалысқан медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 70 медицина қызметкеріне «Халық алғысы» медалі тапсырылған болатын.
- Коронавирус: Атырауда науқастардың жағдайын Call-орталықтан білуге болады
- Теңіз кенішіндегі 4 мың қызметкер вакцина алды
- 21 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- 2022 жылы Теміртауда жаңа жылу қазандығы салынбақ
-
Қызылорда облысында жыл басынан 1,4 мың адам коронавирус жұқтырды
-
ШҚО-да қоғамдық орында маска тақпағандарға айыппұл салынуда
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам