Jańalyqtar
Атырауда алғаш рет қуыршақ театры ашылады
2021 жылғы 2 наурыз 22:23
Бөлісіңіз:

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда алғаш рет қуыршақ театры ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының директоры Берік Жәменовтің айтуынша, 26 наурызда балаларды қуантатын жаңа өнер ұжымының таныстырылымы өтеді.
Қуыршақ театрының ашылуына орай атыраулық әртістер Бекет Зинуллиннің сценарийі бойынша «Ата мектебі» ертегісін дайындап жатыр.
«Елімізде балалар драматургиясы кенжелеп қалған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін өзіміз сценарий жазуымызға тура келеді. Бұл жолы балаларға арнап ертек жазатын таланты актер Бекет Зинуллиннің шығармашылығына жол ашылғалы отыр» -дейді театр директоры Берік Жәменов.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда театр тарландарына қойылған композиция ашылған болатын.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Диджей Иманбек Зейкенов жаңа трек шығарды
- Атырауда модульді ауруханаға коронавирус жұқтырған науқастарға толды
- Экология министрлігі «Теңізшевройлға» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді
- Атырауда халықаралық іздеуде болған шетелдік азаматтар ұсталды
-
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» басталды
-
Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER