Атырауда 91 метрлік тутұғыр орнатылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында 91 метрлік тутұғыр орнату жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев өңірлік БАҚ өкілдерімен кезздесуде мәлім етті.

«Тутұғырдың биіктігі –91 метр. Оны жаңадан жасату үшін Түркиядағы зауытқа тапсырыс берілді. Осыған байланысты қазір есептеулер мен материалдар тексерілуде. Тутұғырды Түркиядан әкелу мерзіміне өзгеріс енгізілмесе, оны шілдеде орнату жоспарланып отыр», - деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Еске сала кетсек, былтырғы 20 желтоқсанда Атырауда салынып жатқан тутұғыр өкпек желдің екпінімен құлаған еді. Сол кезде мұның себебін «Кastador» ЖШС-нің директоры Айдын Әлмұхамбетов дәнекерленген жігінің жарылуынан деген болатын.


Соңғы жаңалықтар