Атырауда 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда жыл басынан бері бейнекамераның көмегі 96 қылмыс ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласының көшелеріне 700-ден астам бейнекамера орнатылған. Оны қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы қадағалап отырады.

«Атырауда биылғы жыл басынан бейнекамераның көмегімен 7998 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көшеде, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, масаң күйде жүру, шылым қалдығын, қоқыстарды қалдыру, жасыл желектерді бүлдіру, сонымен қатар, карантин режиміне қатысты шектеулерді орындамау секілді құқық бұзушылықтар жиі орын алды», -деді облыстық олиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Оның мәліметінше, былтырғы жылдың 7 айында Жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші-инспекторларымен 47-і қылмыс әшкереленген. Ал, биылғы 7 айда 96 қылмыс бейнекамералардың көмегімен ізі суымай ашылған.

Мәселен, Атырау қалалық полиция басқармасына биылғы 12 маусымда 1946 жылы туған азаматша арызданған. Ол сағат 15:05 шамасында белгісіз адам М.Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің алдында мойнындағы алқасын тартып алып кеткенін туралы хабарлаған. Жедел іздестіру шаралары кезінде сол маңайда орналасқан бейнекамералардың көмегімен күдікті азамат арызданушының айтқан белгілері бойынша анықталған. Ұсталған азаматтан айғақ зат тәркіленді. ҚР Қылмыстық Кодексінің тонауға қатысты бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, бейнекамералардың «көзінен» жол қозғалысы ережелерін бұзғандар да тыс қалмайды. Жыл басынан бері осындай 6415 факті анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы, талдау көрсеткендей, қаладағы бейнекамералар орналасқан аумақтарда құқық бұзушылықтар аз тіркелген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда тұрғындарды қаржы пирамидасына тартқан азамат ұсталған еді.


Соңғы жаңалықтар