Атырауда 8 әлеуметтік нысан құрылысында мүгедектердің жағдайы ескерілмеген

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда құрылысы жоспарланған әлеуметтік нысандардың пандусы талапқа сай емес болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 әлеуметтік нысанның құрылысын мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолайлы жағдай жасалмай, жоспарлау фактісі анықталған. Мәселен, «Өрлеу» балабақшасының жобалық-сметалық құжаттамасында пандустың ұзындығы 7,4 метр, ал, биіктігі 0,9 метр болатыны көзделген. Алайда, заңға сәйкес көрсетілген биіктікте пандустың ұзындығы 10,8 метрден кем болмауы тиіс.

«Қабылданған прокурорлық шаралармен 8 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы заңға сәйкестендіріліп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығы қорғалды», деп хабарлады Атырау облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар