Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 71 жастағы зейнеткерді тонаған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 28 шілдеде сағат 12:00 шамасында 71 жастағы зейнеткерді тонап кеткен.

«Белгісіз ер адам зейнеткерді жерге құлатып, телефонын тартып алған. Сөйтіп, оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті азаматты ұстады. Күдікті Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір зейнеткерді тонаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіден айғақ зат тәркіленіп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда велосипед ұрлаған күдіктіге қатысты 11 қылмыстық іс тіркелгенін жазған едік.



Соңғы жаңалықтар