+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Атырауда 6 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы екпе салу басталды

2020 жылғы 6 тамыз 15:01
Бөлісіңіз:
Атырауда 6 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы екпе салу басталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы екпе салу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Солтүстікте тіркелген құс тұмауы адамдарға қауіпті ме Тұмаудан өз бетінше емделуге абайлау керек - иммунолог Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыздан кейін жоспарлы медициналық тексеріс жалғасатын болады.

«Жасы алтыға толған балалардың денсаулығын тексеру карантин кезінде тоқтатылған еді. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы вакциналары қайта салына басталды. Карантин режимі аяқталғаннан кейін 6 жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бұл жастағы балалар мектепке барады. Сондықтан, профилактикалық екпелерін алып, жаңа оқу жылына дайын отыруы керек», - дейді №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балалардың иммунитетін көтеру жөнінде тапсырма берілген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT