Атырауда 6 жасар бала 3-қабаттан құлап кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 6 жасар бала 3-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырауда жыл басынан бері 6 бала терезеден құлаған. Сондай оқыс оқиғаның бірі 2 маусымға қараған түнде болды.

«Атырау қаласында 33 жастағы жалғызбасты әйел 6 жасар баласын қыдыртып, үйіне таксимен кеш келген. Баласын пәтерге кіргізіп болған соң, көліктегі қалған заттарын алуға қайта шыққан.

Анасы үйге оралғанда, баласының терезеден құлап кеткенін байқаған. Жасөспірім түрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», -деп

хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 19 жастағы бойжеткен 8-қабаттан секіріп

кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар