Атырауда 6 күнде Армениядан әкелінген 160-тан астам көлік тіркелді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 6 күнде Армениядан әкелінген 160-тан астам көлік тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мырзалы Өтеғалиевтың мәліметінше, Атырау өңірінің тұрғындары Армениядан 7000-ға жуық көлік әкелген.

«Маусымның 1-інен бері Атырау облысының тұрғындары армениялық нөмірі бар 160-тан астам көлікті тіркеуден өткізді. Көліктерін тіркеуге қойған иелері сары нөмір алды.

Өйткені, бұл көліктер Арменияның уәкілетті органдарында есепте тұр. Сол себептен, өзге мемлекетте тұрақты тіркелген мұндай көлік құралдарына сары түсті нөмір беріліп жатыр»,

-дейді Мырзалы Өтеғалиев.

Оның айтуынша, полиция департаментімен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету

орталығында ашылған Call орталығына 300-ге жуық тұрғын келіп, өздерін мазалаған сауалдарына кеңес алған. Ал, Армениядан әкелінген көліктерді күнделікті тіркеуге болады.

Соңғы жаңалықтар