Атырауда 5-6 шілдеде жеке көлікпен жүруге тыйым салынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласы мен облыс аумағында 5-6 шілдеде жеке көлікпен жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бүгін өңірлік жедел штаб ақпарат таратты.

«Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 және 6 шілде аралығында Атырау қаласында және облысында жеке көлікпен жүруге қатаң тыйым салынады. Көлік қозғалысына әр сенбі, жексенбі күндері қойылатын шектеу шаралары 2020 жылдың 19 шілдесіне дейін жалғасады» -деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 5 шілдеден бастап автобус жүрмейтінін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар