Атырауда 35 келі уылдырық алынған алып қортпа Каспий теңізіне жіберілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 35 келі уылдырық алынған қортпа Каспий теңізіне жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Балық шаруашылығы комитетінің ресми өкілі Аслан Жеңісұлының айтуынша, «Амангелді атындағы» ЖШС балықшылар аулаған бекіре тұқымдас қортпаны Каспий теңізіне жіберуге шешім қабылданған.

Қортпаның салмағы – 197 келі, ұзындығы – 2 метр 47 см.

«Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытының мамандары қортпадан жасанды жолмен 35 келі уылдырық алған.

«Бұл – 1,2 млн дана уылдырық. Зауыт мамандары уылдырықты ұрықтандырып, шабақ кезеңіне дейін инкубациялауға арналған аппараттарға орналастырды. Уылдырықтан жетілдірілетін шабақтар алдымен бассейндерде өсіріледі. Кейін табиғи ортаға жіберуге дайын болғанға дейін арнайы тоғандарға ауыстырылады. Шабақтардың орташа салмағы 3 граммды құраған соң табиғи ортаға жіберіледі», -дейді Аслан Жеңісұлы.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау балықшылары 200 келі тартатын алып қортпа аулап, кейін одан 35 келі уылдырық алынған еді.


Соңғы жаңалықтар