Атырауда 33 отбасыға жаңа пәтер берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Конституция күні қарсаңында 33 отбасы жаңа пәтерге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа пәтерлер «Нұрсая» ықшам ауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйдің бірінен берілді. Баспаналы болғандардың дені – 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар.


«Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Аталған бағдарлама аясында жыл басынан бергі 8 айда жаңа баспана алғандардың саны 257 отбасыға жетті», - деді Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат Жолдиев.

Оның айтуынша, биыл қоныс тойын тойлайтын отбасылар қатары арта түспек. Жыл аяғына дейін тұрғын үй кезегінде тұрғандардан бөлек апатты жағдайдағы жатақханалардың тұрғындарын да көшіру көзделіп отыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге ие болған еді.


Соңғы жаңалықтар