Атырауда 3 сағатта төтенше жағдай режимі 11 рет бұзылған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 3 сағатта төтенше жағдай режимі 11 рет бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай және карантин талаптарын орындауды қамтамасыз ету мақсатында мобильді топ 30 наурызда сағат 21.00-ден 24.00-ге дейін рейдтік іс-шаралар жүргізген. Осы уақытта 11 құқықбұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде 3 гүл дүкені жұмыс істеген. Ал, 8 дүкеннің сатушылары карантин кезінде санитарлық нормаларды сақтамай, бетперде және бір реттік қолғапсыз қызмет көрсеткен.

«Төтенше жағдай талабы гүл сататын «Әлия Сания», «Зулпат», «Райхан», «Шах», сондай-ақ, «Айнұр», «Тамыз», «Самет» және «Тамин Арт» азық-түлік дүкендерінде бұзылған. Қазір «Шах дүкенінің иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабы, 6-тармақшасымен әкімшілік іс қозғалды. Карантин және басқа да мiндеттi санитарлық-эпидемиялогиялық iс-шараларды өткiзу арқылы төтенше жағдай режимiн бұзу дерегіне қатысты іс сотта қаралатын болады. Басқа тәртіп бұзушыларға шаралар қолданылуда» -деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Мұндай рейдтер жалғасатын болады. Белгіленген уақытша шектеулерді бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.


Соңғы жаңалықтар