Атырауда 27 жүргізушіден 2 млн теңгеден астам айыппұл өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 27 жүргізушіден 2 млн 186 мың теңгеден астам айыппұл өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жүргізушілер осы кезге дейін айыппұл төлеуден жалтарып жүрген.

«Атырауда айыппұлдарды өндіруді жандандыру, өз еркімен төлеуден жалтарушы азаматтарға қатысты пәрменді шараларды ұйымдастыру мақсатында өткен «Борышкер-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы аяқталды. Іс-шара кезінде айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 27 жүргізуші анықталды. Олардың автокөліктері айып тұрағына қойылып, аталған жүргізушілерден 2 млн 186 663 теңгені құрайтын айыппұл өндірілді.​ Мәселен, 14 наурызда сағат 15:30 шамасында армениялық «Hyundai Sonata» автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде аталған автокөлік жүргізушісінің 145 850 теңгені құрайтын 10 айыппұлы төленбегені анықталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Айып тұрағына қойылған 27 автокөліктің бе с еуі Армения Республикасынан әкелінген. Ал, 22 көлік Ресей Федерациясында тіркелген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 2 млн теңге айыппұл төленбеген көлікпен жүрген шетелдік қолға түскенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар