Атырауда 24 жастағы бойжеткен психотропты дәрілерді заңсыз сатқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 24 жастағы бойжеткен психотропты дәрілерді заңсыз сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 11 қыркүйекте психотропты дәріні заңсыз сатқан бойжеткенді ұстаған.

«Атырау қаласындағы Азаттық даңғылында 1997 жылы туған бойжеткеннің 50 дана трамадол және трапикамед дәрі-дәрмегін заңсыз сатып жүргені анықталды. Аталған азаматшаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) хаттама Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің өңірлік шешім қабылдау үшін жолданды» -дейді Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда психотропты дәрілік зат сатқан шетелдік әйел ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар