Атырауда 200 орындық модульдік аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының әкімі 200 орындық модульдік типтегі инфекциялық аурухананың құрылысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында дайындық аясында 200 орындық модульдік типтегі жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір құрылыс жұмыстарының 85% аяқталған. Мұнда 900 адам жұмыс істейді. Аурухана құрылысы қазан айында аяқталады деп жоспарлануда.

Медициналық нысан 180 стационарлық төсекке және 20 керуеттік реанимациялық бөлім мен қарқынды терапияға арналған. Құрылысты «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясының тапсырысымен «BI Industrial»BI компаниясы жүргізіп жатыр.


Инфекциялық ауруханалар стандартымен бой түзейтін медициналық мекеменің ғимараты жылдам құрастырылатын құрылыс технологиясына сәйкес, модульді блоктардан тұрғызылуда. Медицина қызметкерлері мен ем алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи құралдармен жабдықталады.

Аурухана әкімшілік бөлігі бар медициналық блоктан, қабылдау-диагностикалық бөлімнен, операциялық блогы бар жансақтау бөлімінен, сондай-ақ галерея типіндегі дәлізбен байланысқан бес бөлімнен тұрады.


Нысан жобасы медициналық логистика мен инфекциялық бақылауды сақтай отырып, бір-бірімен ыңғайлы байланыста болатын блоктармен жасақталған. Карантиндік және қарқынды терапия аймақтары бөлінген. Санитарлық бақылау бөлмелері, науқастардың мен қызметкерлердің жүріс бағыты белгіленген.

Мұнда 56 - екі, 16 - үш орындық палата, 6 - бір орындық, көшеге жеке шығатын 7 екі орындық бокс, қарқынды терапия бөліміне 20 керуетті орын, қабылдау-диагностикалық бөліміне 5 бокс қарастырылған.

Персоналға арналған санитарлық бақылау бөлмелерінің аймақтары барлық құрылымдық бөлімшелерде таза және жұқпалы аймақтар болып бөлінген. Адамдар қозғалысы бір-біріне кедергі келтірмейтіндей санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар қарастырылған.


Аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау және құрылыс басқармаларына нысанның тиісті талаптарға сай болуын тапсырды.

Айта кетелік, Құлсары қаласында да 275 орындық аудандық орталық аурухана салынып жатыр.


Соңғы жаңалықтар