Атырауда 1500 бас ірі қараны бордақылау алаңы іске қосылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 1500 бас ірі қараны бордақылау алаңы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бүгін тұрғындар алдында есеп беру жиналысында агроөнеркәсіп кешенін дамытып, тұрғындарды сапалы өніммен қамту мәселесіне баса назар аударды.

«Жұмағалиева» жеке кәсіпкерлігі қолға алған бордақылау алаңы Атырау қаласының шеткері аумағында орналасқан. Өткен жылы басталған жоба алдағы тамыз айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда аталған нысанға инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Сыбаға» бағдарламасымен ірі қара және қой сатып алу, асыл тұқымды мал санын көбейту жұмыстары жалғасады. Саладағы өткір мәселенің бірі – мал азығымен қамту. Осы орайда қосымша 3 мың гектар суармалы алқаптан мал азығын дайындау жоспарланды» - деді облыс әкімі М. Досмұхамбетов.

Автор: Жолдасбек Көшербайұлы


Соңғы жаңалықтар