Атырауда 15 мыңнан астам оқушыға компьютер берілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 15 мыңнан астам оқушыға мектеп компьютері беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Алмагүл Қайырлиеваның мәлім етуінше, оқушыларға қажетті компьютердің жетіспеушілігін шешу мәселесі қолға алынып отыр.

«Қазіргі уақытта 16 639 оқушының компьютері жоқтығы анықталды. Осы мәселені шешу үшін мектеп компьютерін уақытша пайдалануға беруді ұйғардық. Бүгінге дейін 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылды», - деді Алмагүл Қайырлиева.

Еске сала кетелік, Атырау облысында биыл 5 мектеп пен 3 балабақша пайдалануға беріледі.



Соңғы жаңалықтар