Атырауда 11-сынып оқушысы өрт сөндірушілерге арналған мобильдік қосымша ойлап тапты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 11-сынып оқушысы өрт сөндірушілерге арналған мобильдік қосымша ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы бар. Академияның 11-сынып оқушысы Аслан Тілесовтің IT-технологияға бет бұрған. Жақында №1 өрт сөндіру бөлімшесінде өзі ойлап тапқан «QazHydrant» деп аталатын жаңа мобильдік қосымшаны таныстырды.

«Мен IT-технологияның ерекшеліктерін 8-сыныптан бері зерттеп келемін. Бұл жобаны өрт сөндіру қызметін оңтайландыруға үшін дайындадым. Аталған қосымшаны дайындауға «Білім-инновация» лицейіндегі замандастарым Әбдікерім Нодяров пен Әділжан Салпеков көмек берді. Қосымшаны дайындаудағы мақсатым – өрт сөндірушілердің қызметін жеделдетуге қол ұшын созу. Өйткені, өрт сөндіру кезінде төтеншеліктер гидранттарды таба алмай, әбігерге түседі. Әсіресе, түнгі мезгілде табу қиын» -дейді жаңа қосымшаның авторы Аслан Тілесов.

Оның айтуынша, Google картасынан Атырау қаласындағы барлық гидранттың қай жерде орналасқанын навигациялық жүйемен анықтауға мүмкіндік бар. Сол себептен, өрт сөндірушілер мобильдік қосымшаға қызығушылық танытып отыр.

«Қосымшаның әлі де жетілдіретін тұсы бар. Дегенмен, жақында жобаны толықтырып, іске қосу жолдары қарастырылады. Бұған қоса, АstanaHub ұйымдастырған Smart City Accelerator (ақылды қала) байқауына қатысып, І кезеңінің іріктеуінен өттім» -дейді Аслан Тілесов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраулық оқушы волонтерлерге арналған мобильдік қосымша жасап шығарды.


Соңғы жаңалықтар