+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

2020 жылғы 23 қазан 02:00
Бөлісіңіз:
Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 1 млн теңгеден астам айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да Ұлттық табиғи парк директорына 23 млн теңге айыппұл салынды Шымкентте үш жігіт жол ережесін өрескел бұзып, оны видеоға түсіріп желіде жариялаған Атырауда 2,6 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталды

Атырау полицейлері 15 қазаннан бері «Борышкер» іс-шарасын өткізуді қолға алды.

Жол қозғалысы ережесін бұзу, оның ішінде жылдамдықты асыру фактілеріне фото-бейнетіркеуді жүзеге асыратын, жалпы автокөлік қозғалысын бақылауға алатын «КОРДОН М-2», «КОРДОН М-4» кешендерінің бейнекамераларының Армения Республикасынан әкелінген «BMW-525» автокөлігі түскенін анықтады.

Көлік жүргізушісі 55 рет жылдамдықты асырып, 1 миллион 083 мың 420 теңге көлеміндегі айыппұлды төлемегені үшін ұсталды. Ал 40 мәрте жылдамдықты сақтамаған «ВАЗ-21144» көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұл құны - 666 мың 720 теңге.

«Сондай-ақ, «ВАЗ-2108» автокөлігінің жүргізушісіне 21 рет жылдамдығын асырғаны үшін 333 мың 360 теңге айыппұл салынған. Ал 28 рет жылдамдығын асырған Ресей есебінде тұрған «ВАЗ-21014» көлігінің жүргізушісіне салынған айыппұл 494 мың теңгеге жеткен» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Патруль полицейлері берілген бағыттамаға сәйкес, иелері айыппұлды төлемей жүрген тағы 37 автокөлікті тоқтатқан. ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 785-бабына сәйкес, айыппұл төлемей, борышкер атанған жүргізушілердің көлігі айып тұрағына қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Сергек» камералары 2,5 мыңнан астам құқық бұзу дерегін тіркегенін хабарлап едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT